Костенко шахтасындағы апат: қаза тапқан кеншілер еске алынды
Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтада болған апатқа бір жыл өтті, деп хабарлайды 24KZ. Бүгін қаза тапқан 46 кеншіні туыстары мен әріптестері еске алып, ескерткішке гүл шоғын қойды.
Қазір бұл шахтада 1300-ге жуық кенші еңбек етеді. Қосымша жұмысшылар қабылданып жатыр. Кеніштің жұмысы толық қалпына келтіріліп, апат болған лава оқшауланды. Жаңа инвестор қауіпсіздік мәселесіне қомақты қаражат бөлді. Биылдан бастап жер астындағы жұмысшыларды бақылау үшін позициялау жүйесі іске қосылды. «Алдын ала метаннан тазартудың тың технологиясы енгізілі», – дейді бас инженердің міндетін атқарушы Андрей Бойко.
Андрей Бойко, Костенко атындағы шахтаның бас инженерінің міндетін атқарушы:
- Шахтаны қалыпқа келтіру жұмыстары толық аяқталды. Қазір көмір өндіру үздіксіз жүріп жатыр. Жылдық жоспар кестеге сай орындалып жатыр. Өндірістегі қауіпсіздік басты назарда.