Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді
Бүгін Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді.
Құқық қорғау және арнайы қызмет органдары күш-құралдарының лаңкестік қауіптеріне қарсы жедел әрекет ету дайындығы тексеріледі. Оқу-жаттығу аясында белгілі деңгейде тыйымдар мен қаланың кейбір аудандарында жаяу жүру және көлік қозғалыстарына уақытша шектеулер енгізу қарастырылған. Осыған орай, «азаматтарды өтіп жатқан шараға түсінікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және жалған ақпараттардың таралуына жол бермеуге шақырамыз» - делінген Елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі штаб мәлімдемесінде. Оқу-жаттығу таңғы жеті мен түскі екі аралығында «Ветеренария бойынша ұлттық референттік орталық» жағдайында өткізу көзделген.