Astana LRT-ның бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі шықты

Astana LRT-ның бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ардан 9 жылға сотталды, деп хабарлайды 24kz.

Сонымен қатар одан 85 млрд теңге көлемінде материалдық шығын өндірілмек. Үкімді Астана қаласының Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты шығарды. Экс-басшы лауазымын асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оның қатысуынсыз өтті, себебі ол халықаралық іздеуде жүр. Былтыр Талғат Ардан бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жылға сотталған. Осылайша, жаңа үкіммен жаза мерзімі тағы 2 жылға ұзартылды. Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевтің айтуынша, іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.