Петропавлда жылу орталығын жаңартуға 19 млрд теңге жұмсалды
Петропавлдағы жылу электр орталығын ескі қазандықтары ауыстырылып, мұржасы қайта салынды.
Бұған инвестор есебінен 19 миллиардқа жуық теңге жұмсалды. Атқарылған жұмыстармен Парламент Сенатына қарасты экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары танысты. Олар энергетик мамандармен инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Бұнымен қоса қаладағы өндірістік нысандарды аралап, кәсіпкерлермен кездесті.
Әлібек Нәутиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Біздің комитет келесі жылға мынау Парламенттік тыңдауға жалпы Қазақстандағы мынау жолдың сапасы жөнінде жолдың мәселесі жөнінде үлкен мәселе қозғағалы жатыр. Біз енді осындай облыстарға шыққанда мана айтып отырғандай жылу науқанымен бірге осы жолдың қалай, қандай бағыттарда салынып жатыр? Жолдардың сапасы, оны жасап жатқан жұмыстың деңгей бағытында жұмыстарды қарағымыз келіп отыр.