Атырау облысында 26 медициналық нысан салынып жатыр
Биыл Атырау облысындағы шалғай ауылдарда 26 медицина нысанының құрылысы басталды, деп хабарлайды 24kz.
Бұл жұмыстар «Ауылдық жерлерде денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде қолға алынды. 15 емдеу мекемесі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Қазір 7 ауылдағы құрылыс толық аяқталды. 2027 жылға дейін облыстағы барлық елді мекен дәрігерлік амбулаториялар және медициналық пункттермен қамтылады.
Жақсылық Жанұзақов, Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
- Исатай ауданы Аққыстау ауылы Өркен ықшам ауданынан ФАП құрылысы Құрманғазы ауданы Сүйіндік, Балқұдық ауылдарындағы дәрігерлік амбулаториялар және Атырау қаласы Жұлдыз ықшам ауданы мен Дамбы ауылдық округіне қарасты Амангелді ауылынан дәрігерлік амбулаториясының құрылыстары аяқталды.