Алматы облысында 84 100 гектар жер мемлекетке қайтарылды

Алматы облысында 400 мың гектарға жуық жердің пайдаланылмай бос жатқаны анықталды, деп хабарлайды 24KZ. Соның 84 100 гектары мемлекет меншігіне қайтарылды. 32 мың гектар жер сот шешімімен алынса, қалған 52 мың гектар алқапты жер иесі өз еркімен қайтарып берген.

Пайдаланылмай бос жатқан жерлердің көбі Райымбек, Кеген, Еңбекшіқазақ және Балқаш аудандарының аумағында. Бұл іс-шара ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану және жер ресурстарын ұтымды басқару мақсатында жүзеге асып жатыр.

Артықбай Болғанбаев, облыстық Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары:

- Министрліктің қойған жоспарын біз биыл 120%-ке орындадық. Бірақ мұнымен тоқтамай, Алматыға жақын орналасқандықтан, инвестициялық қызығушылықтар өте жоғары. Соған байланысты облыс әкімі үлкен тапсырма берген. Сол тапсырмаға сәйкес жұмыстарды ары қарай жалғастырып жатырмыз.