Алматыда коммуналдық қызмет қыс мезгіліне дайын
Алматының коммуналдық қызметі қысқы кезеңге дайындықты пысықтады.
Жалпы ұзындығы 1700 шақырым болатын қала көшелерін күтіп ұстаумен «Алматы тазалық» мекемесі айналысады. Бұл үшін 841 техника мен 1400-ден астам жұмысшы жұмылдырылған. Соның ішінде 612 техника тек қар тазалау мен көктайғаққа қарсы ерітінді шашуға арналған. Бұл қажетті жұмысты тиімді әрі уақтылы атқаруға мүмкіндік береді. «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында жергілікті бюджет қаражаты есебінен коммуналдық кәсіпорын жаңа техникалармен толыққан. Нақтырақ айтсақ, қоқысты конвейер арқылы контейнерлерге тиеу жүйесі бар сыпыру-жинау машинасы берілді. Сондай-ақ, электрлі сыпыру-жинау техникасы сатып алынды. Бұл арқылы тұрғындардың түнгі тыныштығын бұзбай тазалық жұмыстарын жүргізуге болады.
Ертай Қасенов, «Алматы тазалық» ЖШС директорының өндіріс жөніндегі орынбасары:
- Қаламыз 32 техника алып берді биылғы жылы. Жаңағы 10 FAW техникасы бар, сосын 6 Дулево, 6 трактор, сосын мына Панголин деген шаңсорғыс тракторлар бар электрлі сондай алып берді.