Ақмола облысында он әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді

Ақмола облысында арнайы әлеуметтік орталықтар көмекке мұқтаж жандарды оңалту шарасынан өткізіп, еңбекпен қамтуға атсалысады.

Қазір өңірде 10  орталық жұмыс істеп тұр. Әлеуметтік санаттағы 1345 адамға жан-жақты қолдау көрсетіледі.   Басым бөлігі зейнеткерлер мен мүгедектігі бар жандар. Орталықта барлық жағдай жасалған.

Байдолла Өтегенов орталықтағы бос уақытын осы шеберханада өткізеді. Зейнеткер бала күнінен қолөнермен айналысуды армандаған. Қазір ол қағаздан түрлі бұйым жасап, сурет салады. 

Байдолла Өтегенов, зейнеткер:

- Менің бұл орталыққа келгеніме 1 жылдай болды. Мұнда бізге жақсы қарайды. Күніне 5 мәрте тамақтандырады. Бос уақытымызды осылай қолөнермен айналысамыз. Емдік шараларға да күн сайын қатысып тұрамыз.

Жалпы Щучинск қаласындағы қызмет көрсету орталығында қазір 101 адам бар. Олардың ең үлкені биыл 100 жасқа келді. 1 -ге енді толған жастар да бар.  Көбінің мүгедектігі болғандықтан мамандар бірінші кезекте оңалту және сауықтыру шараларына баса мән береді.  

Рысты Баймағамбетова, әлеуметік қызмет көрсету орталығының директоры:

- Біздің қызмет алушылар аймақтағы барлық медициналық нысанға көріне алады. Аудандық ауруханамен де тығыз байланыстамыз. Мәселен, былтыр 63 адамға тіс салдырттық. 5 адам есту қондырғысын алды. Сондай-ақ біздің реабилитолог дәрігерінің арқасында 5 адам аяққа тұрып, қазір өздері жүреді. 

Өңірдегі осындай 10 орталыққа жыл сайын мемлекеттен 7 миллиардқа жуық қаржы бөлінеді. Оның ішінде қызмет алушылардың дәрі-дәрмегі, жатын орыны және күтушілердің жалақысы кіреді. Ал келер жылы қаржыландырудың жаңа әдісі еңгізілмек. 

Шолпан Рахматуллина, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы:

- 2025 жылдан бастап бізде қызмет көрсетуді жаңғырту бойынша ұлттық жоба жүзеге асады. Оның аясында алғаш рет орталықтарда  жан басына шаққандағы қаржыландыру әдісі еңгізіледі. Бұл лицензиялау тәртібі негізінде жүргізіледі. Яғни, осы он орталықтың бәрі лицензия алады. 

Қазір облыс бойынша 5 мыңнан астам адамға әлеуметтік көмек көрсетіледі. Сала мамандары әлеуметтік санаттағы жандарға қай кезде де қолдау болатынын айтады.

Абзал Балтабаев, Виктор Полянный