Сырттан кірген автокөлікке негізсіз берілген сертификаттар жойылды

Елімізге сырттан келген автокөлікке негізсіз берілген 6,5 мыңнан астам сертификаттың күші жойылды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында мәлім болды. Премьер-министр Олжас Бектенов ел азаматтарының қауіпсіздігін қорғау үшін мұндай жағдайлардың алдын алу қажеттігін айтты. Сондықтан  бизнестің жауапкершілігін арттыру қажет.

Айта кетейік, әлемдегі кәсіпкерлік қызмет түрлерінің 70%-тен астамы белгілі бір дәрежеде «сапа инфрақұрылымымен» байланысқан. Тамақ өнеркәсібінен бастап күрделі машина жасауға дейінгі барлық салада қауіпсіздік пен сапа талаптары белгіленген. Сондықтан зертханалық жұмыстар мен сынақтар деңгейін үнемі арттырып отыру маңызды. Бұл тұста институттар мен университеттердің ғылыми әлеуетін осы жұмысқа жұмылдыру қажет. Олардың қызметі әлемдік стандарттарға сай келетін сапалы өнім өндіруге, сыртқы нарықтарға шығуға жәрдемдесуге тиіс, – деді Премьер министр.