Солтүстік Қазақстан облысында 45 ауыл жойылады
Теріскейдегі 45 ауыл тізімнен алынады.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен өңірлік мәслихат тұрғындар саны 50-ден аз ауылдарды жою туралы қаулы шығарды. Құжатта көрсетілгендей, бұл ресурстарды тиімді басқаруға мүмкіндік беретін шара. Әрі аймақтағы ірі елді мекендер халқының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған шешім. Сонымен, Аққайың ауылдық округінде 3, Есіл ауылдық округіне қарасты 8, Жамбыл және Мағжан Жұмабаев атындағы аудандарда 6 ауылдан қысқарады. Сол сияқты Қызылжар, Мамлютка, Тайыншы, Темирязев, Уәлиханов, Шал ақын және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандардағы болашағы жоқ ауылдар облыс картасынан алынып тасталады.