Мемкеңесші азаматтық мәселелер жөніндегі комиссия отырысын өткізді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды 24kz.

Жиында Қазақстан азаматтығына қабылдау және одан шығару мәселесі қаралды. Ерлан Қаринның айтуынша, кейінгі 5 жылда көк құжаттан бас тартқан адамдардың саны азайып келе жатыр және бұл үрдіс Қазақстан азаматтығы институтының беделі арта түскенін айғақтайды.

Мысалы, 2019 жылы мұндай тұлғалардың саны 1,7 мың болса, 2020 жылы – 944, 2021 жылы – 123, 2022 жылы – 114-ке азайды. Былтыр – 107, ал биыл небәрі 30 адам азаматтықтан шықты.