Қазақстан сот жүйесін жетілдіруде көш ілгері келеді
Келер жылдан бастап ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандарды мерзімінен бұрын босату туралы арызды алқабилер соты қарайтын болады. Бұл туралы Жоғарғы соттың төрағасы Асламбек Мерғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды 24kz.
Сондай-ақ елімізде алқабилер сотының қарауына жататын істер санаты көбейген. Мәселен 2021 жылы 60-қа жуық іс қаралса, биылғы 9 айдың өзінде бұл көрсеткіш 200-ге жетті.
Айта кетейік, бүгін Астанада «Орталық Азия үшін қылмыстық сот төрелігі» атты форум өтіп жатыр. Онда әр елден келген 200 сарапшы қылмыстық сот жүйесін талқылуда. Сала мамандары сот практикасының біркелкілігі, төрешілердің қателіктерін азайту және әділ үкім шығару мәселесінде тәжірибе алмасты. Қазір елімізде сот жүйесі өзгерістер мен цифрлық шешімдерді батыл қабылдай бастады. Нәтижесінде құқық үстемдігі индексі бойынша Қазақстан 142 елдің ішінде 65-ші орыннан көрінді. Ал жекелеген тиімді шешімдер бойынша Қазақстан ТОП-50 елдің қатарына енген. Айталық, «Азаматтық сот төрелігі» «Тәртіп және қауіпсіздік», «Қылмыстық сот ісін жедел жүргізу жүйесі» бойынша көп елден көш ілгері келеміз. Ал, келер жылдың 1 шілдесінен бастап қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша дербес кассациялық соттар құрылады.
Асламбек Мерғалиев, ҚР Жоғарғы сот төрағасы:
- Жылдық форум тәжірибе алмасу және қылмыстық сот төрелігі саласындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін маңызды алаңға айналды. Сындарлы диалог пен ынтымақтастық бірегей атмосфера құрылды. Бұл, әрине, біздің елдеріміздің құқықтық жүйелерін жақсартуға ықпал етеді
Еркеш Мәукен, ҚР Жоғарғы сотының судьясы:
- Біз бүгін қылмыстық сот төрелігін дамыту жөнінде қандай елде қандай тәжірибелер бар соны талқылаймыз. Қылмыстық атқару жүйесі пробациялық бақылау бойынша сонымен қатар қылмыстық сот төрелегін цифрландыру мәселелері талқыланады.