Алматыда XVI республикалық Media-құрылтай өтті

Медиа-нарықтың қазіргі жағдайы қандай? Жергілікті және жаһандық қауіп-қатерге қалай қарсы тұруға болады?

Алматыда өткен медиа-құрылтайға қатысушылар осы сауалдарға жауап іздеді. Яғни, елдің медиа нарығын дамыту мәселесін бірге талқылады. Оған қоса, жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл, авторлық құқық және бұқаралық құралдарда өз контентін құру тақырыбы көтерілді. Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Қанат Ысқақовтың айтуынша, БАҚ саласының өкілдері жергілікті және жаһандық ахуалдағы тәуекелдерді бірігіп анықтайды. Оған төтеп беретін нақты шешімдерді бірлесе әзірлейді. «Сондықтан әрбір журналистің көзқарасы мен пікірі біз үшін өте маңызды», - деді министрдің орынбасары.

Қанат Ысқақов, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі:

- Басты мақсатымыз – қазіргі ахуалдағы тәуекелдерді анықтап, оған төтеп беретін нақты шешімдерді бірлесе әзірлеп арығарай жұмыс жасау.

Ең алдымен отандық медиасаланың бәсекеге қабілеттілігі, екінші – жалпы біздің отандық БАҚ құралдарының шетелдік, не болмаса сыртқы тәуекелдерге төтеп беру, қорғау. Үшінші – халыққа нақты уақытылы, ашық және шынай ақпаратты жеткізу. Осы үш мәселені талқыладық. Жарнама мәселесі де қарастырылды.