Әрбір үшінші ата-ана жұмыс пен отбасын үйлестіруде қиындықтарға тап болады

Икемді жұмыс кестесінің болмауы, қызмет пен отбасы арасындағы тепе-теңдікті сақтауда қиындық туғызады.

Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген сауалнамада әрбір үшінші ата-ана жұмыс пен жеке өмірді үйлестіруде қиындықтарға тап болатынын айтқан, деп хабарлайды 24kz.

Сондай-ақ сауалнамаға жауап бергендердің 75%-і жұмыс беруші қоластындағы балалары бар қызметкерлеріне көмек көрсетуі керек деп санайды. Зерттеу нәтижелері бойынша бірқатар ұсыныстар әзірленеді.

Атап айтқанда, жұмыс істейтін ата-аналарға икемді жұмыс кестесін құру немесе қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік беру. Сондай-ақ жұмыс істейтін ата-аналарға арналған демалыстарға қатысты қосымша мүмкіндіктерді қарастыру ұсынылады.

Олжас Бейсенбаев, ҚҚДИ басқарма төрағасының орынбасары:

- Бұны заң тұрғысынан реттеп, әлеуметтік көмек тұрғысынан қарастыруымыз керек. Ал енді мен айтқан аспектілерге қатысты бірнеше ұсыныс, бұл тереңдетілген интервьюда айтылған толық емес отбасыларға қатысты, бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақыны көтеру туралы айтылды.