«Жошы хан. Ұлы ұлыстың билеушісі» атты кітап-альбомы шықты
Алматыда «Жошы хан. Ұлы ұлыстың билеушісі» атты кітап-альбомы таныстырылды, деп хабарлайды 24kz.
Кітаптың авторы – белгілі қазақстандық журналист, тарихи деректі фильмдердің авторы Майя Бекбаева. Кітапта Жошы ханның өміріндегі маңызды оқиғалар, оның Алтын Орданың құрылуы мен қазақ мемлекеттілігінің негізін қалауға қосқан үлесі баяндалады.
«Бұл еңбек оқырманға Жошы ханның тарихи рөлін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді», - дейді автор. Жошы хан туралы зерттеулер, әуелі деректі-көркем фильмге арқау болды. Ауқымды еңбек жыл соңында көрерменге жол тартпақ. Ал, кітап-альбом фильмнің сценарийі негізінде жазылған. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде басылып шыққан туынды қазақ тарихы мен мәдениетіне қызығушылық танытатын шетелдік оқырмандар үшін де құнды дүние.
Майя Бекбаева, кітап авторы:
- Кітапта не туралы айтылған, фильмде нені қамтыдық? Неге сүйендік? Кітапта оқырман Шағатай кім, Үгедей кім, Ұлы ұлыс, Алтын Орда атаулары қайдан шыққан? Осы сұрақтардың бәріне оқырман, да көрермен де егжей-тегжейлі тарихи деректер негізінде жауап ала алады. Ғылыми мазмұнмен қатар, кітап Жошы хан мен Алтын Орда тарихы туралы оқырманды баурайтын қызықты әңгімелеу тілінде жазылған.