Биыл елде 12 мың шақырым жол жөнделеді

Биыл республика аумағында рекордтық көлемде жаңа жолдар салынады.

Көлік министрлігінің мәліметінше, 12 мың шақырым автожол жөндеуден өтіп, қайта жаңғыртылып жатыр. Негізгі 4 бағытқа басымдық беріледі: бұл "Астана – Алматы", "Талдықорган – Өскемен", "Ақтобе – Қандыағаш" және "Атырау – Астрахань" тас жолдары. Аталған учаскелерде жөндеу биыл аяқталуға тиіс. Сонымен қатар көп жылдан бері жөндеу көрмеген жол бөліктерінде қайта жаңарту жұмыстары басталды.