Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарын қаржыландыру өзгереді
Келер жылдан бастап арнайы орталықтардағы қарттар мен ерекше күтімді қажет ететіндерге «жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі» енгізіледі.
Осыған дайын болу үшін «Социум» платформасы іске қосылды. Цифрлы жаңашылдықтың қандай артықшылығы бар? Вице-премьер Тамара Дүйсенова Өскеменде осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, бірқатар әлеуметтік мекемеде болды.
«Социум» платформасы пилоттық жоба негізінде Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері жүзеге асып келеді. Ақпараттық жүйенің артықшылығы сол - әлеуметтік көмек алушылар туралы деректер түгел жинақталған. «Ақылды жобаның» тиімділігіне көз жеткізгендердің бірі Солнечный кентіндегі Қарттар үйінің ұжымы. 112 адамды қамқорлығына алған мекемедегі қызмет барысын онлайн режимде бақылауға болады.
Легче стало? – Да!
Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенова платформа жұмысымен толық танысты. Болашақта осы жүйе арқылы жан басына шаққандағы қаржыландыру барысында ақшаның қайда бөлініп, қалай игеріліп жатқаны қадағаланады. Қазірдің өзінде оған орталықтағы күнделікті шаралардың бәрі тіркеледі. Алдағы уақытта әрбір қызмет алушының бір күнгі режимі де туыстарына ашық көрсетіледі.
Жәнібек Шаянбаев, арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры:
- Келешекте мына жерге сол доступ қоямыз деп отырмыз,оны өзінің туыстары кеп көре алады. Мына қызмет алушылардың денсаулығы қалай қандай тамақ ішеді медциналық көмек алады қандай дәрілер ішеді соның бәрін көріп отырады.
Жан басына шаққандағы қаржыландыру әдісі әлеуметтік нысандағы азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартады. Салада ашықтық болады. Тамара Дүйсенова Президент тапсырмасына сай елде ерекше қажеттілігі бар адамдарға көпшілікпен бірдей жағдай жасалатынына тоқталды.
- Сіз барлық уақытта мемлекеттің қорғауындасыз, сондықтан біздің жанымыздасыздар қараусыз қалдық деп көңіліңізге қаяу алмаңыз+жоқ менің көңілім түсіп тұрған жоқ, мемлекетіміз бар мінеки қараңызшы қаншама жаңа төсек орын бәрін де беріп жатыр.
Мұндай қамқорлық тек қарияларға емес, ата-ана қарауынсыз қалған жеткіншектерге де көрсетіледі. «Үміт» балаларды қолдау орталығында бүгін 160 бала тәрбиеленіп жатыр. Оларды саналы, парасатты азамат етіп қоғамға бейімдеп шығару мекеме ұжымының басты міндеті. Вице-премьерге осы үлкен шаңырақтағы күнделікті өмір салты көрсетілді. Ұл-қыздар ширақ. Іске шебер, оқуда озат. Бірнеше тілді меңгеріп білімқұмар боп өсіп келеді.
- Үш тіл емес, одан да көп тіл білсеңіздер ол сіздердің жетістіктеріңіз.
Жеткіншектер бұл жерден тәрбиеленіп қоштасып кетсе де орталық қашан да олардың үлкен өмірдегі қамқоршысы боп қала бермек.
Майра Бейсеқанова, «Үміт» балаларды қолдау орталығының директоры:
- Бала оқуды бітіріп, қолына мамандығын алғанша біз оған жауаптымыз.Бала колледжге университетке, басқа оқу орнына барғаннан кейін ол менің балам емес деп айта алмаймыз ғой,оқуды бітіріп қолына мамандығын алғанша біз оған жауаптымыз. Себебі ұшып шыққан ұясы осы болғандықтан соны жалғастырамыз.
Тамара Дүйсенова мемлекет тарапынан мұндай балаларды қолдау шаралары үзілмейтінін жеткізді. Жергілікті сала басшыларына да бұл сұрақты назарда ұстауды тапсырды.
Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов