Қазақстандықтар несие алу мүмкіндіктерін онлайн бағалай алады

Қазақстандықтар енді өздерінің кредит алу мүмкіндіктерін онлайн біле алады. eGov Mobile қосымшасында жаңа сервис іске қосылды.

Қосымша арқылы кез келген адам өзінің несие алу және сақтандыру тарихын қадағалап отыруына болады. Сервистің «Кредиттеу» бөлімінде пайдаланушының соңғы бес жылдағы несие алу тарихы, белсенді несие міндеттемелері мен несие қабілеттілігінің деңгейін көрсететін көрсеткіш, яғни, скорингтік балл ұсынылады. Скорингтік балл тек ақпараттық сипатқа ие. Ал «Сақтандыру» бөлімінде пайдаланушыға бұрын жасалған сақтандыру шарттары мен полистері туралы жалпы есеп, сондай-ақ міндетті автосақтандыру құнына әсер ететін санаты туралы ақпарат қолжетімді болады.

Айта кетейік, аталған мәліметтер «Мемлекеттік несие бюросының» деректері негізінде жасақталады.