Елімізде 12 лудоман өз еркімен емделіп жатыр
Елде құмар ойынға салынған 12 адам ресми есепте тұр, деп хабарлайды 24kz.
Оның екеуі – астаналық. Оларға тәуелділігінен арылуы үшін мамандар тиісті көмек көрсетіп жатыр. Алайда елде лудомандардың саны бұдан бірнеше есе көп болуы мүмкін. Олар көбіне психологиялық сырқаты туралы ашық айтуға қымсынады. Сондықтан кейбірі ем алу үшін жекеменшік клиникаларды таңдайтын көрінеді. Бүгінде өңір-өңірде ойынқұмар азаматтарға жәрдем көрсететін алғашқы психиатриялық көмек орталықтары жұмыс істейді. Елордада мұндай орындар №2, 4, 6, 8, 9, 10, және 14 емхана базасында орналасқан. Сонымен қатар ел аумағында 54-76-03 сенім телефоны іске қосылған.