170 мыңнан астам қазақстандық өзін-өзі құмар ойындардан шектеген
170 мыңнан астам отандасымыз өзін-өзі құмар ойындардан шектеген, деп хабарлайды 24kz.
Құзырлы ведомство өкілдерінің хабарлауынша, 168 250 -і eGov.kz арқылы, 2311-і жазбаша түрде өтініш қалдырыпты. Көбіне 31 мен 35 жас аралығындағы азаматтар.
Еске сала кетейік, биыл көктемде елде өз еркімен құмар ойындардан онлайн бас тарту жобасы іске қосылды. Алғашқы екі айда электронды үкімет порталы арқылы түскен 35 мыңнан аса өтініш қабылданыпты. Мамандар қоғамдағы өзекті проблеманы шешуде жоба өз тиімділігін көрсетіп жатқанын айтады.