Көкшетауда «Қыс-2024» оқу-жаттығу жиыны өтті
Көкшетауда «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы өтті, деп хабарлайды 24KZ. Азаматтық қорғау қызметі қыс мезгілінде болуы мүмкін төтенше жағдайларға дайындықты пысықтады. Жаттығу кезінде құтқарушылар, Полиция департаменті, жедел жәрдем, коммуналдық қызметтің жұмысы тексерілді.
Биыл оқу-жаттығу жиынының басқару штабы Көкшетау қаласында орналасты. Сондықтан жергілікті азаматтық қорғау қызметтері мен күштік құрылым өкілдері тыңғылықты дайындалған. Ауқымды шара екі кезеңнен тұрды.
Аян Райымбеков, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің аға офицері:
- Бірінші кезеңде кеше бізде тактикалық оқу-жаттығу ойындар түрінде өтті. Ол жаңағы республикалық және облыстық азаматтық қорғау қызметтері арасында өтті. Екінші кезең ол 4 оқу-практикалық түрде өтті. Маңыздылығы өте жоғары. Бұл жерде практикалық қана емес, төтенше жағдайдың жою жоспары түзетіледі.
Практикалық жаттығудың алғашқы кезеңі қаладағы жылу қазандығында өтті. Сценарий бойынша жылу нысанында шыққан өртті дер кезінде сөндіру міндеті жүктелді. Төтенше жағдай мамандары мен қаланың коммуналдық қызмет өкілдері бірлесіп, апатты жойып, қазандық жұмысын қалыпқа келтірді. Өртті сөндіруге тікұшақ тартылды.
Бұдан бөлек, тасжолдардағы қауіпсіздікті қадағалау да маңызды. Шара барысында құтқарушылар республикалық жолда апатқа ұшыраған көліктен адамдарды құтқарып, қауіпсіз жерге жеткізді. Жанып жатқан көлікті сөндірді.
Қыс кезінде осындай тасжолдарда жол-көлік оқиғасы жиі кездеседі. Оның арты алапат өртке әкеліп соғуы әбден мүмкін. Бұл жерде ең бастысы адам өмірін сақтап қалу маңызды.
Жаттығу кезіндегі коммуналдық қызметтің жыылту маусымына дайындығы тексерілді. Аязды күндері жылу құбырлары жиі жарылады.
Берік Әшірбеков, қала әкімі аппаратының бөлім басшысы:
- Көкшетау қаласының жол жүйесін тазалауға екі жауапты екі ұйым бар. Олардың техникаларына Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдерімен бірлесіп, тексеру жүргізілді. Олардың дайындағы расталды.
Арқаға қыс келгенімен, өзен-көлдердегі су беті толық қата қойған жоқ. Бірақ балықшылар елемейді. Оның салдары қайғылы жағдайға әкеледі. Жаттығу кезінде құтқарушылар суға батқан адамды құтқарып, жедел жәрдем көлігіне жеткізді. Көлдің ортасында көлігі суға батып жатқан балықшыны тікұшақпен құтқаруға тура келді.
Жалпы республика бойынша осындай 457 оқу-жаттығу ұйымдастырлды. Оған 12 мыңға жуық адам мен 4 мың техника жұмылдырылды.
Авторлары: Абзал Азаматұлы, Виктор Полянный.