ШҚО-да Мемлекеттік сатып алу заңындағы өзгерістер түсіндірілді
Қаржы министрлігінің өкілдері «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның өзгерістерін түсіндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бұл жолы кәсіпкерлік және азаматтық қоғам өкілдерімен кездесу Шығыс Қазақстан облысында өтті.
Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл мемлекеттік сатып алу жүйесінің ашықтығы әділ бәсекелестік орнатуға жол ашатынын атап өтті. Өзгерістерге сай енді сатып алулар адал тасымалдаушылар арасында жүзеге асырылады. Олардың қызметі жайындағы мәліметтер арнайы базада жинақталады. Жаңа жүйе тауар жеткізушілерді автоматты түрде таңдауға мүмкіндік береді. Шағын және орта кәсіпкерлік нысандары ғана көрсететін қызметтер мен сатылатын тауарлардың тізімі бекіді. Мамандар сондай-ақ сатып алу рәсімдері жеңілдеп, ал мерзімі қысқаратынын атап өтті.