Кеншілер қауіпсіздігі: Қарағанды шахталарына арнайы жүйе орнатылып жатыр
Қарағанды шахталары «Qarmet» компаниясының инвестициялары нәтижесінде жоғары технологиялық платформаға айналып келеді. Кеншілердің қауіпсіздігі мен жұмыс тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында шахталарға арнайы жүйе орнатылып жатыр. Қазір Көмір департаментінің «Саран» және Ленин атындағы шахталары тың технологиямен жабдықталып жатыр.
Енді кеншілер мен әр жер асты техникасы жоғары технологиялық позициялау жүйесінің бақылауында болады. Бұл жүйе шахтада цифрлық «қорғаныс» ретінде жұмыс істейді. Төтенше жағдай туындаған кезде жүйе кенші жүрген учаскені лезде анықтап, құтқару қызметін жедел жіберуге мүмкіндік береді.
Алексей Костливцев, «Qarmet» АҚ Көмір департаментінің автоматтандыру бойынша аға механигі:
- Шахта ішіндегі кен орындарында әр шахтерді әрбір нүктеде көруге мүмкіндік беретін жүйе орнатылған. Шахтерлер экранда түрлі түстермен белгіленіп тұрады. Егер белгілі бір шахтердің орналасқан жерін анықтау қажет болса, бағанға оның табельдік нөмірін енгіземіз, содан кейін экранда сол шахтердің нақты қай жерде екені көрсетіледі.
Шахтаға түсер алдында кеншілер электрондық медициналық тексеруден өтеді. Содан кейін әр шахтер позициялау белгісі мен іздеу сигналының генераторы бар жарықшам алады. Қарағанды техникалық институтын бітірген жас маман: «Шахтаға келуімнің бірден-бір себебі қауіпсіздіктің жақсарғаны болды», – дейді.
Диас Құрманәлі, Ленин атындағы шахтаның кеншісі:
- Шахтаға екі ай бұрын келдім. Менің әкем де, ағаларым да шахтада істеген. Сондықтан солардың жолын қуайын деп шахтаға келуді ұйғардым. Қазір қауіпсіздік жүйесі жақсарып жатыр. Сол себепті осы шахтаға жұмысқа келдім.
Ал кеншілердің жұмысын шахта диспетчерлерінен бөлек, Көмір департаментіндегі сараптамалық-талдау орталығы да бақылап отырады.
Кеншілерді тіркеу құрылғылары жер бетінде де, шахта ішіне де орнатылады. Позициялау жүйесі жер астындағы радио және мобильді байланысты қамтиды. Бұл үшін Ленин атындағы шахта радиостанциялар, пейджерлер, сондай-ақ тепловизор мен қашықтық өлшегіші бар смартфондар сатып алынған. Барлық ақпарат Көмір департаментінің диспетчерлік-сараптамалық орталығына жіберіледі.
Дәуренбек Бағдәулет, «Qarmet» АҚ Көмір департаментінің бөлім басшысы:
- Егер шахтаны тірі ағза ретінде елестетсек, позициялау жүйесі бұл рентген сияқты. Ол қай жерде, қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын дәл анықтауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта компания Ленин атындағы және Саранская шахталарында позициялау жүйесін орнатуды аяқтап жатыр. Желтоқсан айының соңына қарай бұл жүйе толық іске қосылады. Осылайша, бұл жүйе енгізілген төртінші шахта болады.
«Qarmet» компаниясы еңбек қауіпсіздігін жақсарту бойынша мақсатты жұмысын жалғастырып жатыр. 2025 жылдың соңына дейін жерасты позициялау және радиобайланыс жүйесі компанияның барлық шахтаға енгізіледі.
Авторлары: Руслан Нұрланұлы, Зарина Зұлпыхар.