Адам саудасымен күрес: жаңа заңның іске асу барысы талқыланды

«Адам саудасына қарсы күрес туралы» заңның іске асырылу барысын талқылау үшін Парламент Мәжілісі Біріккен Ұлттар Ұйымының көші-қон бойынша агенттігімен бірлесіп, ұлттық диалог алаңын ұйымдастырды. Жиынға халықаралық сарапшылар мен мемлекеттік орган өкілдері де қатысты.

Адам саудасымен күреске бағытталған жаңа заң осы жазда күшіне енген болатын. Құжатты халықаралық қауымдастық өкілдері жоғары бағалады. Адам саудасына қатысты өзекті мәселелер және ол үшін жауапкершілік алғаш рет заңның арнайы баптарында қамтылып, жаза түрлері қатаңдатылды. Құрбандардың құқығын қорғау мен көмек көрсету жайы да нормалармен бекітілген. Айта кетейік, биылғы 10 айда елде адам саудасына қатысты 197 қылмыс тіркелді.

Марат Башимов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Адам сатып алу құрбандарының ешқандай құқықтық статусы болған жоқ. 30 жыл ешкім бұл заңды қабылдамаған. Шалғай ауылдардағы құлдыққа айналдырып жіберген мәселесі бар. Қазір Мәжіліс осы заңды қабылдап, іске асырып, енді ол қалай орындалып жатыр дегені. Біз жауапкершілікті көтеріп жібердік. Одан кейін еңбек саласында қандай проблемалар бар. Органдарды сататындар қазір көбейіп кетті.

Дэниел Розенблюм, АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі:

- Осы жазда Қазақстанда «Адам саудасына қарсы күрес туралы» заңға енгізілген өзгерістер үлкен жетістік саналады. Әсіресе қазіргі замандағы құлдық мәселесімен күрестегі құқық қорғау органдарының қызметіне қатысты түзетулер. Енді заңның іске асуын қамтамасыз ету қажет.