ШҚО-да өңірде 11 мың жер үйдің пеші жарамсыз
Шығыс Қазақстан облысында 11 мыңнан аса пеш жағуға жарамайды, деп хабарлайды 24kz.
1500 жер үйде өртке қарсы қауіпсіздік ережелері сақталмаған. Бұл туралы қыс алдында рейдтік тексеріс жүргізген төтенше жағдайлар және полиция қызметі мәлімдеді. Олар 90 мың мекенжайда болып, 550 датчик орнатты. Мамандар облыстың барлық ауданын аралап, жылыту жүйесі бұзылған тұрғындарға тиісті нұсқаулар таратты. Сонымен қатар жауаптылар әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды бақылауға алып, үйлеріне өртке қарсы құрылғылар салып берді. Өңірде жылыту маусымы басталғалы 83 өрт тіркеліп, 4 адам қаза тапты.
Алмас Рақышев, қалалық ТЖБ аға инженері:
- Осындай іс-шара кезінде біз халыққа, қала тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерінің басты қағидаларын, сондай-ақ пеш құбырларын қалай тазалау керек, қай кезде тазалау керек және де жылыту пештерін дұрыс пайдалану бойынша кеңестер беріліп, түсіндірмелік жұмыстар жүргізілді.