ҰҚК 10 радикалды діни идеология жақтасының жолын кесті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 10 радикалды діни идеология жақтасының жолын кесті. Алдын ала мәліметке сәйкеc фигуранттардың бірі қамауда отырып, террорлық акт жасауға дайындалған. Ал қалғандары терроризмді насихаттауға қатысып, террорлық әрекеттерді ұйымдастырып, адамдарды өз қатарына тартумен айналысқан.

Жаза өтеу орындарында жүргізілген тінту барысында суық қару, смартфондар және басқа да заттай дәлелдер тәркіленді. Қаскөйлердің біреуі бұрын экстремизм үшін сотталған. Қалғандары кісі өлтіру, тонау және ұрлық үшін жазаларын өтеген. Сондай-ақ Алматы қаласында пробациялық бақылауда тұрған олармен байланысушы ұсталды. Қазір оларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.