Елде электромобильдер саны үш жылда 20 есе өсті

Елде электромобильдерге деген сұраныс жоғары. Кейінгі 3 жылда бұл көлік саны 20 есе өскен. Ұлттық статистика бюросының есебі бойынша 2022 жылы елде тек 570 электр көлігі болса, 2023 жылы 7680-ге жетті. Ал биылғы қазан айында 11 706 электромобиль тіркелді. Сұраныстың артуын сарапшылар бұл көлік түрінің қауіпсіз әрі үнемді болуымен байланыстырады.

Мейіржан Әуелханұлы, автокөлік сарапшысы:

- Мен электромобиль айдаймын жарты жылдан бері. Алматы қаласында электромобиль жүргізуге ешқандай кедергі жоқ. Зарядтау жағынан, автотұрақ жағынан. Үйден зарядтайтын қондырғы орнатып алдым. Бұл жерде автопилоты бар. Жүргізушіге қауіпсіздік көмекші құралдары өте жақсы дамыған. Менің өзім жеке басымды 3-4 рет жол апатынан сақтап қалды. Осы жағы – оның артықшылықтары.