Азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту: қандай өзгерістер бар?

Мемлекет басшысы тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша заңға қол қойды. Құжат азаматтардың, қандастардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіруге бағытталған.

Президент тапсырмасына сәйкес Отбасы банкінің негізінде тұрғын үй кезегіне қою, есепке алу және бөлуді бір орталықтан жүзеге асыратын кешенді даму және қолдау институтын құру көзделген. Сонымен қатар жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған пәтер үй үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялауды, жеңілдетілген ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беруді жалғастырады. Сондай-ақ баспанаға мұқтаж азаматтарды есепке қою күні мен табыс деңгейі ескеріледі. Әуелі тұрғын үй кезегінде ұзақ уақыттан бері тұрған адамдарды баспанамен қамтуға мүмкіндік беріледі.