Талдықорғанда «Есепшілер ісі» апелляциялық сотта қаралды
Талдықорғанда атышулы «Бухгалтерлер ісі» апелляциялық сотта қайта қаралды, деп хабарлайды 24KZ. «Ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, 4,5 млрд теңге жымқырды» деп танылған мектептің 20 есепшісіне 7-15 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын. Жетісу облысының апелляциялық сот алқасы осы үкімді өзгертіп, екі айыпталушының жазасын жеңілдетті. Яғни, Шарипова мен Барғанаеваның келтірген шығынды толық өтеуіне байланысты жеті жылдық мерзімін шартты түрдегі жазаға ауыстырды.
Қалған 18 адамға қатысты шілде айында шығарылған үкім өзгеріссіз қалдырылды. Айыпталушылардың адвокаты қылмыстық істегі «Ұйымдасқан қылмыстық топ құру» бабын өзгертуді сұрап отыр.
Бауыржан Балтабаев, қорғаушы:
- Негізі ОПГ деген сөз бұл жерде болмау керек еді. Меніңше, «хищение» болатын еді. Әркімнің өзінің қанша жасағанын қарау керек еді. Бұл әйелдердің әрбірінде төрт-бес баласы бар.