Алматыда халықаралық форум басталды

Алматыда халықаралық форум басталды
gov.kz

Алматыда Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының жабылуына арналған халықаралық форум басталды.

Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының қорытындысына арналған халықаралық форум қос елдегі туристік индустрияның 300-ден астам өкілін тоғыстырады. Оның аясында пленарлық сессия, «Қазақстан мен Қытай арасындағы туризмді дамыту динамикасы» және «Ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары» екі панельдік сессия, екі мемлекеттің туроператорлары мен туристік бизнес өкілдерінің B2B кездесулері өтеді.

 

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі