Астанада 6 мың салымшысы бар тұрғын үйлер құрылысы заңсыз болып шықты

Астанада 6 мыңнан астам салымшысы бар тұрғын үй кешендерінің құрылысы заңсыз болып шықты. Бұл туралы қалалық прокуратура хабарлады. Қазір жосықсыз компанияларға қатысты 16 қылмыстық іс тергеліп жатыр. 12 адам қамауға алынған.

Құны 7 млрд теңгеден асатын, бірақ құрылысы аяқталмаған нысандардың шығынын қайтару туралы прокурордың 8 талабы сотта қанағаттандырылды. Прокуратура тұрғындардан үлескерліктің шарттарына ерекше мән беруін сұрап отыр. Соның ішінде тұрғын үй құрылысы операторының кепілдігі болу қажет. Ал үлескерлердің қаражаты ғимараттың іргетасы қаланған соң тартылуы тиіс.