Жамбыл облысында ежелгі петроглифтер қорғауға алынды

Жамбыл облысында 5 мың жыл бұрын пайда болған петроглифтер мемлекет қорғауына алынды.

Тастағы 500-ден астам таңбалар Байзақ ауданы, Ботамойнақ тауындағы Қарасай шатқалынан табылған. Жартастағы жазулардан аңдардың бейнесі мен сол кездегі адамдардың аңшылық тәсіліндерін көруге болады. Бүгінде туристер үшін жәдігерлерден хабар беретін тақтайша ілініп, тынығу орны жасалды. Кез келген адам ашық аспан астындағы музейге барып, жартастағы суреттерді тамашалай алады. Жалпы өңірде осындай таңбалы тастары бар 100-ге жуық тарихи нысан бар.