Елде тау кластері мен жағажай туризмін дамыту міндеті жүктелді
Президент тапсырмасына сәйкес, Алматы тау кластері, Маңғыстау мен Бурабайда жағажай және курорттық туризмді дамытуға бағытталған кешенді жоспар әзірленуде.
Алматы Қазақстан туризмінің басты орталығына айналмақ. Шетелдік туристердің жартысы дәл осы қалаға келетіндіктен Түрген шатқалында жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты салынады. Каспий жағалауында туризм инфрақұрылымын жақсарту үшін қонақ үй бизнесіне әлемдік брендтер тартылады. Сонымен қатар Ақтау қаласының Бас жоспары қайта қаралып, әуе рейстерінің саны артады. “Жылы жағажай” аумағындағы жобалар жыл соңына дейін аяқталып, Кендірлі демалыс аймағын дамыту көзделген. Бурабай курортының «Ақбура», Жөкей көлі және басқа да аймақтары жаңаша дамиды. Аймаққа елдің бірнеше қаласынан жедел қатынайтын пойыздар іске қосылады.