Елімізде 1126 елді мекен орталық су жүйесіне қосылмаған

Елде 6 мыңнан астам ауыл бар. Оның 5130-ы ауызсумен қамтылған. Дегенмен, 1126 елді мекендегі тұрғындар үшін тіршілік көзі тапшы болып тұр, деп хабарлайды 24kz.

Яғни, орталық су жүйесіне қосылмаған. Бұл жайлы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің өкілі хабарлады. Жауаптылар келер жылдың соңына дейін қазақстандықтарды 100% ауызсумен қамтамасыз етуге міндетті. Биыл да бұл бастаманың игілігін көрген бұқара бар.

Арман Нарботаев, ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің бас сарапшысы:

- 112 млрд теңге 207 ауылдық елді мекендердегі елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен қарастырылды. 207 ауылды мекендердің кейбіреулерінің жұмыстары өткен жылы қарастырылып, осы жылдың соңына дейін жергілікті бюджеттің қаражатымен аяқталғалы тұр.