Жаңа Су кодексі әкімдіктер міндетін айқындайды

Жаңа Су кодексінің жобасында тасқынның алдын алуға айрықша назар аударылып отыр, деп хабарлайды 24kz.

Осы тұрғыдан келгенде жергілікті атқарушы органдарға бірқатар шаралар жүктеледі. Әкімдіктер елді мекендерді қорғау үшін бөгеттер, мобильді қоршаулар, айналма арналар мен уақытша су қоймаларын тұрғызуы керек.

Сондай-ақ орман екпелерін отырғызуға тиіс. Жаңа жобада құрғақшылыққа қарсы іс-шаралар, соның ішінде жауын-шашын мен топырақ ылғалдылығын бақылау, тасқын суды жинау мен сақтау, су үнемдейтін технологияларды енгізу сынды іс-шаралар қарастырылған. Осылайша, мемлекеттік органдардың су тасқыны мен құрғақшылыққа қарсы іс-қимыл мәселесіндегі өкілеттіктерін айқындалады. Қазір көктемгі су тасқынына дайындық шаралары жүріп жатыр. Бүгінде 1502 гидротехникалық құрылыс тексерістен өтті. Еріген қар суын қабылдау үшін елдің солтүстік, батыс, шығыс және орталығындағы су қоймалары босатылды. Ал, оңтүстіктегі су қоймалары су жинап жатыр.