Елімізде жыл сайын суды пайдалану туралы ұлттық есеп жарияланады
Енді жыл сайын Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын пайдалану туралы ұлттық есеп жариялайды, деп хабарлайды 24kz.
Бұл қадам су саласында ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында жасалып отыр.
Аталған норма жаңа Су кодексінің жобасында қарастырылған. Ұлттық есепте негізгі өзендердің сулылығы туралы мәлімет, су шаруашылығы бассейндері, өңірлер мен экономиканың салалары бөлінісінде су пайдалану туралы талдау, гидротехникалық құрылыстардың, оның ішінде мемлекетаралық құрылыстардың саны мен жай-күйі туралы ақпарат көрсетіледі. Сондай-ақ құжатта су қорын қорғау бойынша іске асырылған іс-шаралар, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және заманауи технологияларды енгізу туралы мәліметтер жазылады. Ұлттық есеп 1 мамырдан кешіктірілмей жарияланады.