Жамбыл ауданында мыңнан астам ағаш егілді

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Алматы облысының Жамбыл ауданында мыңнан аса ағаш егілді, деп хабарлайды 24kz.

Өңірлік табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы ұйымдастырған іс-шараға аудан тұрғындары, жастар және мемлекеттік мекеме қызметкерлері белсенді атсалысты. Қатысушылар игі іс экологияны жақсартудың маңызды қадамы деп түсінеді. Табиғатты қорғау мен көгалдандыру жұмыстары облыстың барлық аудандарында жалғасып жатыр. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына жалпы облыс бойынша 751 мыңнан астам адам қатысып, 30 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды және 79 мың көшет егілді.

Жәңгір Қарашұлы, «Жанұя» отбасын қолдау орталығының қызметкері:

- Бүгінгі акцияға 50-ден аса жас маман қатысып отырмыз. Осы өзіміздің Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылымыздың көркеюі, өсіп-өнуі, өзіміздің ауылымыздың тазалығы. Осылай көгалдандырып, ағаш егу мақсатында акцияға шығып жатырмыз. Тазалығымыз өзімізге жақсы да, осылай ағаш егіп, жыл сайын өркендетіп тұрсақ. Сондықтан осы акцияға белсене қатысып жатқан жайымыз бар.