Семейлік тіс дәрігерлері жасанды интеллектіні пайдалана бастады

Енді тұрғындар сапалы қызмет алып қана қоймай, уақытын үнемдейді, деп хабарлайды 24kz.

Жоба авторларының сөзінше, бұл ортодонт дәрігерлердің жұмысын жеңілдетеді. Бұрын бірнеше сағатқа созылатын процесті инновациялық жоба көмегімен бір минутта жасауға болады. Тың бастаманы елде 50-ден астам тіс емханасы қолданып отыр. Авторлар жасанды интеллект жобасын Семейдегі медицина университетінің базасына енгізуді көздейді. Екіжақты келісім нәтижесінде студенттер жасанды интеллекті университетте меңгереді. Кейін жұмыс барысында еркін қолдана алады.

Асылзат Исатаева, жоба авторы:

- Бұл зерттеу жұмысы секілді болады. Біздің жобамыз студенттердің оқу бағдарламасына енгізіледі. Сонда болашақ дәрігерлер жасанды интелекттің көмегімен науқастарды емдей алады. Бұл олардың нақты диагноз қоюына әсер етеді. Тәжірибені келешекте іс жүзінде еркін пайдаланатын болады.