АШМ жанынан етті мал шаруашылығын дамыту жөніндегі жұмыс тобы құрылады
Ауыл шаруашылығы жанынан етті мал шаруашылығын дамыту жөніндегі жұмыс тобы құрылады.
Бұл туралы ведомство министрі Айдарбек Сапаровтың ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палаталармен және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесуінде мәлім болды. Жиында аграрлық саланы дамыту мәселесі талқыланды. Жалпы бүгінде ірі қара мал басының тұрақты өсуі байқалады. Оның саны 8 млн-нан асады. Осылайша жыл басынан бергі өсім 120,6%-ке жетіп отыр. Ал ондағы ет және ет-сүт бағыттары 4 млн-ға жуықтайды. Биыл елде 313 мың тонна сиыр еті өндірілген.