Көкшетауда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумы өтті
Көкшетауда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» деп аталатын республикалық форум өтті, деп хабарлайды 24KZ. Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған шараға тіл жанашырлары, этномәдени және жастар бірлестігінің өкілдері қатысты. Форумда мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдері тәжірибелерімен бөлісті. Қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі рөлін нығайту мәселесі талқыланды. Сонымен қатар оның қолдану аясын кеңейту туралы бірқатар ұсыныс айтылды. Мемлекетік тілді жан-жақты насихаттап жүрген сарапшылар тың тәсілдер пайдаланып, қатысушыларға шеберлік сағатын өткізді.
Элина Масагутова, «Қоғамдық келісім» РММ директоры:
- Форум нәтижесі осы біздің жаңа методикалармен бөлісу, жаңа тәжірибені көрсету және осы форумнан кейін осы методикаларды әрбір қалада, осы Достық үйлерінде, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында олар өздерінің курстарына енгізеді.