Қазақстанда жылына 70 мыңға жуық газ баллоны шығарылмақ

Елімізде жылына 70 мыңға жуық газ баллоны шығарылмақ. Қазір қолданыстағы 348 мың баллонның бәрі ескі. Кейбірі тіпті 40 жыл айналымда жүр. Ал қолданыстағы стандарттарға сәйкес жаңа баллондардың қызмет ету мерізімі 20 жылға дейін қысқарады. Бұл туралы Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Рашид Дубаев айтты. Мамандар газбен жабдықтау саласындағы апаттың 70%-і газ баллондарынан болатынын айтады.

Былтыр 128 газ баллоны жарылып, 21 адам мерт болды, 167 адам жарақат алды. Қазірде құтқарушылар өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтіп, тұрғын үйлерге газ дабылқаққыштар орнатып жүр.

Рашид Дубаев, ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының міндетін атқарушы:

- Келесі жылдан бастап шығарылатын өнім бойынша программа жасалып жатыр. Шығарғаннан кейін оны адамдарға тегін береді. Одан кейін 348 мың баллондар қабылданбайды. Оларға газ құйылмайды. Ол айналымда болмайды. Тыйым салынады.