Шымкенттік жастар ардагерге құрмет көрсетті
Шымкентте «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғызілікті қариялардың үйінде жалғасын тапты, деп хабарлайды 24KZ. «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» еңбек жасағы екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагер Нина Мосуноваға құрмет көрсетіп, үй ауласын тазаратты. Тал-теректің күтімін жасап, түбін қопсытты. Артық өскіндерін қырқып, төңіректі сыпырды. Бүгінге дейін жастардың игі ісі дәстүрге айналып, 1 тоннадан астам қоқыс қала аумағынан шығарылған.
Бекзат Төлебай, «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» ЖҚ филиалының төрағасы:
- Көктем айынан бері 30-ға жуық ата-апаның үйіне барған екенбіз. Одан бөлек, бүгінгі бейсенбі күні біз үшін тазалық күні деп аталып кеткен. Ертең қыс мезгілінде де осындай қайырымдылық шараларымыз көбейеді.