Алматыда көлік кептелісін шешу үшін тағы бір көше ұзартылады

Алматыда көлік кептелісін шешу үшін тағы бір көше ұзартылатын болды, деп хабарлайды 24kz.

Қалалық әкімдік Сәбит Мұқанов көшесін Райымбек даңғылына қосуды жоспарлап отыр. Жобаға сәйкес қосымша бір шақырым жол салынады. Оның құрылысына 6 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп отыр. Ең алдымен ол жерде орналасқан тұрғын үйлер сатып алынады. Барлығы 92 меншік иесімен келісім жасау көзделген. Көшені ұзарту жұмысы келесі жылы басталады. Қалалық мобильділік басқармасының бөлім басшысы Данияр Надырхановтың айтуынша, жол 5 жолақты болады. Жаңа жоба көлік ағынын реттеп, кептелісті азайтады. Оған қоса, сол көшенің бойымен жүретін қоғамдық көліктердің жаңа бағыты ашылады. Жалпы мегаполистің дамуына оң ықпал етеді.

Данияр Надырханов, қалалық мобильділік басқармасының бөлім басшысы:

- Бұл көше қазір Мақатаев көшесіне тіреліп тұр. Сондықтан біз Гоголь көшесінен Райымбек даңғылына дейін созу қарастырылған. Созғаннан кейін қазіргі таңда солтүстік пен оңтүстікті байланыстыратын бізде Розыбакиев көшесі бар және Сейфуллин даңғылы бар. Ортасында шығатын көше жоқ қазір. Осы көшені созу арқылы Райымбек даңғылында орналасқан көлік жолайырығын реконструкциялаймыз.