Көктемгі егіс жұмыстарына ₸700 млрд бөлінеді
Елде көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру басталды, деп хабарлайды 24kz.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде бұл мақсатқа 700 млрд теңгеге дейін қаржы бөлінеді. Оның 560 млрд-ы капиталдың нарықтық көздерінен тартылатын болады. Қазір Үкімет фермерлердің өтініш-тілектерін ескеріп, аграрлық-өнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша шаралар қабылдап жатыр. Бүгіннен бастап «Аграрлық несие корпорациясы» жылдық 5% жеңілдігі бар сыйақы мөлшерлемесімен «Кең дала 2» бағдарламасын қаржыландыруды бастады. 600-ден астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден 82 млрд теңгеге өтінімдердің жалпы пулы қалыптастырылды. Үкіметтің қабылдаған шаралары нәтижесінде шаруалар жедел ақшалай қолдау алады. Бұдан бөлек, елде қарыздарды рәсімдеу және өтеу бойынша жүгінгуе болатын қаржы институттарының саны ұлғайып отыр.