СҚО-да «Серпін» бағдарламасының түлектерін үймен қамту мәселесі қаралып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында «Серпін» бағдарламасының қатысушыларын  баспанамен қамту мәселесі қаралып жатыр.

Оларға үй сатып алу үшін «Экономикалық мобильді» сертификаты берілуі мүмкін. Бұл туралы республикалық «Серпін» жобалық кеңсесінің, Петропавлда өткен көшпелі жиынында Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Жиынға жергілікті атқарушы билік өкілдері, студенттер мен жұмыс берушілер қатысты.

Манаш Қозыбаев университеті халықаралық білім беру бағдарламасын жүзеге асырды. Олар Американың Аризона университетімен әріптестік орнатып, «қос дипломды» оқыту жүйесін енгізді. Сонымен қатар студенттер су ресурстарын басқару бойынша қытайлық профессормен ғылыми зерттеу жүргізіп жатыр. 

Сіздің келгеніңізге өте қуаныштымыз. Мен ойлаймын біздің ел мен сіздің елдің ортасында өте жақсы мына студенттерді даярлау жөнінде өте үлкен жұмыстар болады деп. 

Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенова университет зертханаларын аралап, студенттермен сөйлесті. Олардың арасында «Серпін» бағдарламасының түлектері де бар. 

Нұрсейіт Әбдіразақов, "Серпін" бағдарламасының қатысушысы:

- 2016 жылы осында оқуға түстім. Өзім Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Ащыбұлақ елді мекенінен боламын. 2020 жылы оқуды аяқтап, университет тарапынан ұсынылған жұмыста жұмыс жасап отырмын. Алдағы уақытта менің жоспарларым осы қаламен байланысты тығыз.

Солтүстік Қазақстан облысында «Серпін» бағдарламасы бойынша 1350 студент білім алды. Қазір елімізде олар үшін республикалық және өңірлік жобалық кеңселер ашылып жатыр. Енді мамандар оқуға түскен әр баламен жеке-жеке жұмыс істейді. 

Мұрат Әбенов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Арнайы офис жасалған. Сонда міне әр баланы бірінші курстан түскеннен кейін қасында жүріп, оған осы жерде жерсіну, үйрену, практикадан өту және болашақ жұмысқа тұруға дейін барлығы қолға алынған.

Ендігі міндет – Серпінмен диплом алғандары еңбекпен қамту. Бұл ретте жергілікті билік 300 кәсіпорынмен келісім жасасты. Бағдарлама түлектері өнідірістік тәжірбиеден өтіп қана қоймай, сол жерге жұмысқа тұра алады. 

Оғызхан Челик, фанера комбинатының директоры:

- 2021-ден бастап университетпен паралельно олардан студенттерін стажировкаға қабылдаймыз. Бізге университет бітірген кісілерді жұмысқа қабылдаймыз. «Серпін» бағдарламасы бойынша басқа региондардан келген студенттер бізде стажировка жасайды.

Вице-премьер Тамара Дүйсенова «Серпін» бағдарламасының республикалық жобалық кеңсесінің алғашқы көшпелі жиынына қатысты. Бұл жерде оңтүстік өңірлерде жоғары сынып оқушылары арасында профорентациялық жұмыс жүргізу қажеттігі қозғалды. Сонымен қатар жас маманды жұмыс берушілердің сұранысы бойынша даярлау мәселесі талқыланды. 

Тамара Дүйсенова, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Сіздерге қажетті кадрларды мемлекет даярлап бермекші. Соны есепке алуларыңыз керек. Сіздер де дәл осылай сол мамандарды даярлауға өздеріңіздің тараптарыңыздан қосылуларыңызға болады. Яғни, мемлекет бір 50 пайызын, сіздер 50 пайызын. Себебі ол кісілер сіздердің жұмыскер болып барады. 

Көшпелі жиында «Серпін» түлектерін баспанамен қамту мәселесі де көтерілді. Бұл ретте оларға «Экономикалық мобильді» сертификат беру жағы қарастырылып жатыр. Вице –премьер Тамара Дүйсенова сөз соңында жергілікті билік өкілдеріне бағдарлама бойынша бірқатар тапсырма берді.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов