Биыл елде 68 қаржы пирамидасы ₸20 млрд шығын әкелді

Биыл 68 қаржы пирамидасын тергеу ісі аяқталды, деп хабарлайды 24kz.

Жалпы ел азаматтарына 20 млрд теңге шығын келген, оның 13 млрд теңгесі қайтарылды. Сондай-ақ интернетте 47 қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді. Соның нәтижесінде 300-ге жуық WhatsApp және Telegram чаттары бұғатталған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Осындай қылмыспен күрес мақсатында өткен аптада агенттік «Тәртіпті өзіңнен баста» деп аталатын эстафетаны бастаған болатын. Эстафета мақсаты жастар арасында заң мен тәртіпті ұстану мәдениетін қалыптастыру. Агенттік өкілдері жастарға алаяқтық схемалары туралы айтып, олардың арбауына түспеуге шақырды. Әрі заңмен қандай жаза қаралғанын да айтып өтті. Алдағы уақытта бұл эстафета бүкіл өңірді қамтиды.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агентігінің ресми өкілі:

- Бізде қазіргі уақытта өкінішке орай студенттеріміз және зейнеткерлеріміз аз ғана пайыз алу үшін өзінің Card шоттарын алаяқтарға беріп жатады. Оның мақсаты неде? Осы Card шоттар арқылы наркобизнес, есірткі сатудан Telegram каналдар, әсіресе, түскен қаражатты қолма қол ақшаға айналдыру, немесе керісінше, криптовалютаға аудару сияқты фактілер кездесіп жатады. Оны біз тұрақты түрде қоғамға хабарын беріп отырамыз. Осындай бұзушылықтардың алдын алу мақсатында біз жастармен кездесіп жатырмыз.