Халықаралық іздеудегі қашқын ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет халықаралық іздеуде жүрген бұрынғы қызметкерін ұстады. Ол бұған дейін Шымкент қаласы бойынша аумақтық департамент басшысының орынбасары қызметін атқарған. Қылмыстық жауапкершіліктен босатқаны үшін Қожабаев Шымкенттегі мектеп директорынан пара алды деген күдікке ілінген болатын. Қылмыстық істі тергеу кезінде ол із жасырып үлгерді.

Осылайша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі оған халықаралық іздеу жариялады. Агенттік пен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлескен жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 30 қарашада ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.