ҚР АШМ: Субсидиялардың барлығы мақсатты жұмсалды
Жоғары аудиторлық палата төрағасының бүгінгі мәлімдемесінен кейін Ауыл шаруашылығы министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды 24kz.
Мамандардың айтуынша, ауыл шаруашылығын субсидиялау жүйесінде 2 млрд теңге мөлшерінде заң бұзушылықтар орын алған. Бүгінде қаражат толықтай қалпына келтірілді.
Айта кетейік, Жоғарғы аудиторлық палата салаға бөлінген 943 млрд теңгенің қаншалықты тиімді жұмсалғанын түгелдей тексерген. Бұл ретте Ауыл шаруашылығы министрлігі субсидиялардың барлығы мақсатты жұмсалып, олардың тиімділігін дәлелдегенін мәлімдеп отыр.
«2022-2023 жылдар аралығында бөлінген субсидиялар құс етін өндіру шығындарын арзандатуға, ірі қара мал мен ұсақ мал аналық басына селекциялық-асылдандыру жұмыстарына және сақтандыру субсидиясына жұмсалған», - дейді.