Мәжіліс депутаттары 71 заң жобасын қарап жатыр

Мәжіліс депутаттары 71 заң жобасын қарап жатыр. Мемлекет басшысына төменгі палатаның қызметі туралы баяндаған Ерлан Қошанов осылай деді.

Оның ішінде Салық, Су, Құрылыс, Цифрлық кодекстер мен тұтынушылар құқығын қорғау, қаржы нарығын дамыту сияқты мәселелерге мән берілген. Спикердің айтуынша, барлық партиялық фракция депутаттары мен бірмандаттық округтерден сайланған халық қалаулылары өңірлерге сапарлап, сайлаушылармен жиі кездеседі. Сонымен қатар Ерлан Қошанов «Ауыл аманаты», «Жер аманаты» және «Қарызсыз қоғам» жобаларының жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.