Приозерск қаласының аспаздары 33 метрлік хот-дог пісірді

Қарағанды облысында Приозерск қаласының аспаздары Тәуелсіздік күні қарсаңында 33 метрлік хот-дог дайындады. 

Оның салмағы - 70 келі. Ерекше тағамды дайындауға 30 келі  ұн, 15 келі ірімшік және 15 литр маринатталған қияр пайдаланылған. Сондай-ақ түрлі қоспалар қосылған.  Хот-дог тоқашын жергілікті дәмхананың, ал шұжығын қаладағы шипажайдың аспаздары пісіріпті. Тағамды дайындауға 9 адам қатысқан. Олардың еңбегі Қазақстанның рекордтар кітабына енді.

Қуандық Құдайбергенов, Қазақстан рекордтар кітабының аумақтар бойынша ресми өкілі:

- Иә ең ұзын енді 33 метр , 30 метрін жасап көрді жігіттер. Енді мына 33 мтер Қазақстан рекордтарын бұзады бүгін. Өте жақсы  әсіресе мына пісірілген нандары. Арасында жарылысы болмау керек, ірімшік қосып, май қосып жасаған. Нанның барлығы қосылған тұтас болып. Сондықтан ешқандай кедергі жоқ бұл хот-догты тіркемеуге.